Тұтынушылардың құқықтарын қорғау. » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №18" отдела образования по городу Усть-Каменогорску УО ВКО
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№18 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 23-12-94
Есепші:
+7 (7232) 23-11-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қараша
2021

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

Бұдан басқа, Департамент «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес келесі бұзушылықтар бойынша мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратынын хабарлаймыз:

1) сатушының (дайындаушының, орындаушының), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері туралы ақпаратты, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;

2) тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету;

3) белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы наразылыққа жазбаша жауап ұсыну.

Сонымен қатар, сатушының жоғарыда көрсетілген ақпаратты тұтынушылар үшін қазақ және орыс тілдерінде орналастыру бойынша міндеттерін орындамағаны үшін, сондай-ақ 2,3-тармақтарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын хабарлаймыз (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 190-бабының 5, 6-бөліктері).


https://drive.google.com/drive/folders/1gKDxTUynCMR99_UZjXKeNnIdCHyTYvB8?usp=sharing​​​

Похожие публикации:

07 қазан 2021 Адалдық сағаты
05 қазан 2021 С днём учителя!