16
сентябрь
2022
Ата-аналар жиналысы



2022 жылдың 15 қыркүйегінде ШҚО ББ Усть-Каменогорск қаласы бойынша ББ "#18орта мектеп" КММ-де Усть-Каменогорск қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сай «Менің Эко-мектебім» тақырыбында 0-11 сынып аралығында біріңғай экосағат және ата-аналар жиналысы өткізілді. 9-11 сыныптарға Б.М. Шаяхметов атындағы Медициналық орталығы, ТОО "ЕМ АЛУ плюс" маманы Орумбаева Салтанат Рысбаевна «Жас өспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдлын алу» тақырыбында лекция оқыса, 8 сыныптарға мектеп инспекторы Жанатова Ақбота Жанатовна «Жас өспірімдер арасындағы өз-өзіне қол салудың алдын алу» тақырыбында лекция оқыды. 7 "К" сыныбында ШҚО білім басқармасның «Средняя школа №18» «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК-ден Әлеуметтік-психологиялық қызметкері педагог-психолог: Тоқтамыс Дина Талғатқызы "Менің психологиялық ахуалым немесе эмоционалды тербеліс" атты лекция оқыды. Ата-аналар сұрақтарын қойып, қызығушылық пен белсенділік танытты. Сонымен қатар мектепшілік отрядтар ЮИД, ЮДП және «Эколог», «Профи» клубртары ата-аналарды өздерінің қызметтерімен таныстырып, жол жүру ережелерін сақтау, мамандық таңдау, табиғатты қорғау, кешкі уақытта жас өспірімдердің ата-анасының қарауынсыз жүрмеу тақырыптарында үндеу жүргзді. Родителям арнайы жасалған парақшалар таратты.