21
ноябрь
2022
Мектеп жәрмеңкесі.



18.11.2022 ж. "#18 орта мектеп" КММ Бір шаңырақ астында" атты Тәуелсіздік күніне арналған мектепішілік жәрмеңке өтті. Жәрмеңкенің мақсаты оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру болды. Жәрмеңкеге 0-11 сыныптар қатысты. Әр сынып әртүрлі ұлттың тағамдарын дайындап, тағам түрлерінің санитарлық талапқа сай жасады және жабдықтады. Бұл іс-шараға мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, сынып оқушылары, сынып жетекшілер, АТА-АНАЛАР белсенді қатысты. Сазды музыка аясында, көңілді өткен бұл мерекеден қатысушылар адамгершілік-этикалық тәрбие ала отырып, экономикалық білімдерін кеңейте түсті деуге болады.