С книгой жить-век не тужить. День прожитый без книги-потерянный день. » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №18" отдела образования по городу Усть-Каменогорску УО ВКО
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№18 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 23-12-94
Есепші:
+7 (7232) 23-11-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
мамыр
2021

С книгой жить-век не тужить. День прожитый без книги-потерянный день.

Абдрахманова Гульшат Докеновна. Бастауыш сынып мұғалімі. №18 орта мектебі. КММКітап-білім бұлағы, білім -өмір шырағы екендігінің ақиқаты, сонымен қатар, әңгіме желісінің негізгі ойы-оқырман көзқарасына, оны сезіне алуында атқаратын рөлі зор екендігін білеміз.  Менің алғаш оқыған кітабым Бердібек Соқпақбаевтың " Менің атым- Қожа" туындысы. Қателеспесем бұл кітапты бастауыш  сыныптан бастап  оқыдым. Жалпы сотқар Қожаның киносын бала кезімнен көгілдір экраннан көріп өссем де, кітаптан алған әсерім өте ерекше болды. Бердібек Соқпақбаевтың бұл туындысы өте қызықты әрі әсерлі болғандықтан кітап оқуға деген құлшынысым әрмен қарай артты, және осы туындыдан кейін де Бердібек Соқпақбаев менің сүйікті жазушыма айналды. Әңгімеде кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасасада жақсы адам болуға талпынысы бар. Қожа өзінің мінезін,тәртібін өзгертуге тырысады. Қожа жазушы болуды армандайды.                                                                                                                                                          Бұл кітап адал достыққа,көмек беруге үйретеді. Бұл кітапты оқымаған адам баласы жоқ шығар. Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы біледі."Менің атым-Қожа" повесі-Бердібек Соқпақбаевтың артына өшпес із қалдырған шығарма. Ол-балалар әдебиетінің үлкен бір белесі. Яғни бұл шығармада" қара көженің" іс-әрекеті,мінез-құлқының қалыптасуы, арман-телегі, басқалармен қарым-қатынасы суреттеледі. Қожаның балалық қылықтары оқырмандарға күлкі сыйлайды. Қара көже қандай сатқар болса да соңында адам болып қалыптасқан қуантады. Бұл туындыны әр адам бала кезінде оқып, білуі парыз деп есептеймін. Себебі, қайта оралмайтын шақты қызықты етіп өткізу әр адамның маңдайына жазылмаған. Қожаның балалық шағы-тәтті дәуреннің төресі. "Менің атым Қожа" повесінде жазушы балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білді. Балдәурен әсерінің қоймағын бұзбай,ақиқаттан алшақтамай,балаға тән қиялдарды тебіріне толғайды. Қожа бейнесі қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Повесте зерек, алғыр, ақкөніл, қоршаған ортасын бақылап жүретін бала туралы жазылған. 21ғасырда балалар өзгеше, ер мінезді, алдын ала ойлайтын , қамкорлы балалар. Өзіне алған істу соңына дейін жеткізіп, тік мінезді жасөспірімдер. Бұрынғы жасөспірім мен қазіргі жасөспірімның айырмашылығы өте көп. Қазіргі кезде заман дамыған, ойлауы, іс-әрекеті өзгеше болып келеді. Бұл повесть өте қызық, әрі күлкілі оқиға.Заман талабы өзгерсе де, әдебиеттегі озық бір шығарма болып қала берген. Бұл-оқырманлардың жүрегіне ерекше оңайлықпен жол таба алған балалар әбебиетінің кемел де дара туындысы. Алғашқы тарауынан-ақ жүрегіңді баурар алатын бұл повесть-көлеміне қарамастан аз ғана уақытта оқып шығуға болатын шығарма. Алғашқы тарауынан-ақ жүрегіңді баурар алатын бұл повесть-көлеміне қарамастан аз ғана   үақытта оқып шығуға болатын шығарма. Міне менің кітап әлеміне келуім осылай басталған. Егер сіз кітап оқымаған болсаңыз уақытыңызды өткізбей дәл қазірден кітап оқуға кірісіңіз, және кітап оқыған кездегі сезіміңізді  бөлісуді де ұмытпаңыз.