Книга и чтение-важная часть культуры человека. » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №18" отдела образования по городу Усть-Каменогорску УО ВКО
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№18 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 23-12-94
Есепші:
+7 (7232) 23-11-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
мамыр
2021

Книга и чтение-важная часть культуры человека.

Мен, Еңкебаева Дина Қабиқызы, Өскемен қаласы №18 орта мектебінің физика пәні мұғалімі. Кітап оқуды жалпы өте жақсы көремін. Бос уақытымда, Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханасы, А.С.  Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық кітапханасынан кітап алып оқимын. Кітаптардың бағыты, жанры әр түрлі: психологиялық, мотивациялық, әңгіме, көркем әдебиет, тарихи. Ұлттық сипатта, қазақылықты насихаттайтын жазба очерктер мен мақалаларды іздеп жүріп оқимын. Кітап –өмір ұстазы. Менің соңғы уақытта оқып шыққан кітаптарым: Лиз Бурба «Любовь Любовь Любовь», Рэй Брэдбери «451 по Фаренгейту», Халед Хоссейни «Тысяча сияющих солнц», Зейнеп Ахметова «Бабалар Аманаты».  Соның ішінде Халед Хоссейнидің «Тысяча сияющих солнц» деген кітабына пікір жазғым келіп отыр. Роман жанрындағы кітап. Қысқаша мазмұнына тоқталатын болсақ: оқиға 1970 жыл, Ауғаныстан, Герат қаласынан басталады да, 2003 жыл Кабул қаласынан аяқталады. Романның басты кейіпкерлері - Мариам мен Лейла. Бұл қыздар тағдырлары әртүрлі, өздерінің армандары мен болашаққа жоспарлары бар. Бірақ бұларға тағдыр аяушылық танытпайды, өмірлері талай сынақ дайындап, қиындық көреді.  Кітап өте шынайы, психологиялық тұрғыда сезімталдыққа толы болып жазылған, оқи отырып Шығыс әйелдерінің тағдырының қаталдығына, Ауғаныстан жеріндегі соғыстан, жан түршігерлік оқиғалардан жүрегің ауырып, сондай шынайы әсерде қаласыз. Дегенмен, Мариам мен Лейла бойларына күш жігер тауып тағдырларын өзгерткілері келеді, әрекеттенеді, тырысады.  Кітап адам бойында табылатын барлық сезімдерді қамтиды: қорлық, махаббат, сатқындық, сенімсіздік. Оқиға желісі Кабул қаласының өзгеруімен, Тарик пен Лейланың бақытты, балаларының аман-есен жандарында болумен аяқталады.  Кітапты оқи отырып, бір сәтке соғыстың қаталдығын, соғыс бейбіт өмір сүріп жатқан адамдардың тағдырын қалай өзгертіп жібере алатынын, гендерлік саясаттың маңыздылығын көре алдым. Ең бастысы адамдарның жүрегі қатаймасыншы, Жер планетасында соғыс, зорлық-зомбылық болмасыншы.