21
қараша
2022
Мен, Токтасынова Камшат Жаныбековна - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Шығарма өте мазмұны тартымды, идеясы өзекті.Шұға өмірі қасірет пен қайғыға толы болса да, ол қазақ қызының өнегелі үлгісі екендігі көрінеді. Шұға мектеп, университет бітірмесе де, бойында ұлттық тәрбие мен білімді отбасыдан жиып-терген қазақтың көзі ашық аруы ретінде суреттеледі. Шұғаның рухани біліміне сай жігіттің образы ретінде Әбдірахман бейнесі таңдалған. Алайда жастардың рухани әлемі тең дәрежеде болғанымен, әлеуметтік жағынан екі түрлі таптың өкілі болып табылады. Алайда қолының қысқалығынан ол сүйіктісіне қосыла алмай, мұратына жетпейді. Автор туындыда ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік мәселе, тапқа жіктелу, әйел теңдігі, қазақ оқығандарының тағдыры сияқты бірнеше тақырыпты бір шығармада қамтыған. Жазушының заман ағымына сай өзекті мәселелерді алға тартқаны- оның халыққа деген қамқорлығы мен ыстық ықыласын білдіретіні сөзсіз.
Сондықтан, әріптестерімді, оқушыларымды «Шұғаның белгісі» шығармасын оқуға, жалпы кітап оқуға шақырамын. Б. Майлиннің керемет шеберлігімен жазылған шығармалары оқырманын бірден баурап, үйіріп әкетері анық...